АҚШ президенті Дональд Трамп елдің мемлекеттік қарызына шек қоюды тоқтатуды ұсынды.
Бұл талап экономикалық қиындықтар мен төлем қабілетінің төмендеу қаупін туғызуы мүмкін. Трамптың айтуынша, мемлекеттік қарызды шектеу бүкіл елге және әлемге жағымсыз әсер етеді. Ол бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Сарапшылардың болжамына сүйенсек, АҚШ шамамен 30 триллион доллар көлеміндегі берешегін төлей алмауы мүмкін. Бұл елдің жалпы ішкі өнімінің 100%-ына тең. АҚШ Конгресі Өкілдер Палатасы мемлекеттік қарыз шегін көтеру туралы заң жобасын қабылдады. Таяуда бұл құжат Сенатта қаралады.