Current Date: 09-06-2025

Олжас Бектенов Румен Радевпен сауда-экономикалық ынтымақтастықты талқылады

Премьер-министр Олжас Бектенов Болгария Президенті Румен Радевпен сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Атап айтқанда, жиында сауда-экономикалық, инвестициялық және көлік-логистикалық салаларына баса назар аударылып, отандық органикалық ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасын кеңейту, оны қайта өңдеу мен экспорттау, химия, сондай-ақ қосылған құны жоғары тауарлар бойынша бірлескен кәсіпорындар құру мүмкіндіктері қаралды. Ынтымақтастықты одан әрі арттырудың негізгі платформаларының бірі ретінде Транскаспий халықаралық көлік бағыты – «Орта дәлізді» дамыту мәселесі де аталып өтті. Бұдан бөлек екі ел арасындағы ақпараттық технологиялар, фармацевтика, туризм және жалпы тәжірибе алмасу саласындағы өзара инвестициялық байланыстар да талқыланды. Айта кеткен жөн, Болгария Қазақстанның Еуропалық Одақтағы ең ірі 15 сауда серіктесінің қатарында. Былтыр екі жақты тауар айналымы 375 миллион долларға дейін артты. Қазіргі таңда жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы құны 117 миллион доллардан асатын бірлескен жобалар әзірленіп жатыр.