АҚШ билігі Лос-Анджелес қаласына теңіз күштерінің 700 және ұлттық гвардияның тағы 2 мыңнан астам сарбазын жіберді. Ақ үй мұны федералды қызметкерлер мен ғимараттарға төнген қауіптің күшеюімен түсіндірді. Калифорния штатының билігі Трамп әкімшілігінің Лос-Анджелеске ұлттық гвардияны кіргізуі заңсыз деп мәлімдеді. АҚШ үкіметін сотқа берді.
Лос-Анджелесте миграциялық рейдтерге қарсы наразылық 4-күнге ұласып отыр. Жағдай сенбіде Трамп қалаға ұлттық гвардияны кіргізгенде ушығып кетті. Демонстранттар федералды агенттермен, полициямен қақтығысып, тәртіпсіздіктер күшейді.
Арай Төлегенқызы