Current Date: 02-08-2025

Ұшақ апаты: Air India €25 мың өтемақы төлейді

Air India әуекомпаниясы Үндістандағы ұшақ апатында қаза тапқан отбасыларға өтемақы төлейді. Deutsche Welle келтірген дерекке сүйенсек, әр отбасы үшін шамамен 25 мың еуродан беріледі. Борт ішінде болған 242 адамның ішінде тірі қалған жалғыз жолаушы да осы соманы алады.

Tata Group әуе компаниясы қосымша 150 мың еуродан көмекақы төлейді. Еске салайық, бірнеше күн бұрын Ахмедабад – Лондон әуе рейсімен ұшқан ұшақ тұрғын үйлерге құлады. Кейінгі мәлімет бойынша апаттан 270 адам қаза болды.