«Даму бала» бағдарламасын іске асыруға 50 млрд теңге бөлінеді.
Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады. Аталған қаржының арқасында елдегі 230 мың жеткіншек үйірмелерге тегін қатыса алады. Бұл былтырғыдан 15 мың балаға көп. Жоба спорттың 64 түрі бойынша 4 пен 17 жас аралығындағы балаларды қамтиды. Ал, қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады. Биыл 90 мыңнан астам жолдама қарастырылған. Оның басым бөлігі футбол және бокс үйірмесіне тиесілі. Сондай-ақ оқушылар арасында сұранысқа ие дзюдо спортына 9 мыңнан астам орын бөлінбек. Бұл қатарда гимнастика, теннис үйірмелері бар.