Current Date: 11-09-2025

Алматыда бірнеше көшеде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Алматыда Яссауи көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Саин – Шаляпин – Яссауи – Жандосов көшелері шеңберінде су құбыры және кәріз желілерін тарту жұмыстары басталуына байланысты 23 маусым мен 30 тамыз аралығында Яссауи көшесінде көлік қозғалысы кезең-кезеңімен шектеледі:

  • 1-кезең — Жандосов көшесінен Степная көшесіне дейін: 2025 жылғы 23 маусым — 8 шілде;
  • 2-кезең — Степная көшесінен Тайбурыл көшесіне дейін: 8 шілде — 21 шілде;
  • 3-кезең — Тайбурыл көшесінен Яссауи көшесі, 13а мекенжайына дейін: 21 шілде — 10 тамыз;
  • 4-кезең — Яссауи көшесі, 13а мекенжайынан Шаляпин көшесіне дейін: 10 тамыз — 31 тамыз.

"Тұрғындар мен көлік жүргізушілерінен уақытша шектеулерге түсіністікпен қарап, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды және уақытша жол белгілері талаптарын қатаң сақтауды сұраймыз", — деп жазылған хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget