Павлодар облысының үш қаласы мен бірқатар ауданында төтенше жағдай жарияланады, деп хабарлайды 24kz.
Кеше өңірде қатты дауыл тұрып, көлікке дейін төңкерілген болатын. Өкінішке қарай Ақсу қаласында әйел адам қаза тапты. Алай-дүлей дауыл ағашты құлатып, ағаш көліктің ішіндегі адамды жаншып кеткен. Жедел-құтқару қызметінің мәліметінше, дауыл салдарынан 16 адам түрлі жарақат алған, оның 3-еуі бала. «Қазгидрометің» хабарлауынша кеше өңірде желдің екпіні секундына 28 метрге дейін жеткен. Қазір жауаптылар дауылдан келген залалды бағалап жатыр. Өңірде 30 маусымға дейін апаттың салдарын жою бойынша өтініштер қабылданады. Жергілікті әкімдіктің мәлімдеуінше, зардап шеккен тұрғындарға 393 200 теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көзделген.