Биыл Солтүстік Қазақстан облысында интернет алаяқтыққа қатысты 250-ге жуық қылмыстық іс қозғалды.
Сан соғып қалғандар 60 миллион теңге шығынға ұшырады. Осыған байланысты петропавлдық прокурорлар «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында еңбек ұжымдарымен кездесіп, алдын алу шараларын күшейтіп отыр. Жиында құзырлы орган өкілдері алаяқтардың әккі әрекеттерін айтып, олардың арбауына түсіп қалмау жолдарын түсіндірді.
Сәбина Разбекова, қалалық прокуратураның бөлім прокуроры:
- «Заң мен тәртіп» қағидаты бойынша кездесулер әр апта сайыр ұйымдастырылып тұрады. Біз тек кәсіпорындарды ғана қамтып қоймай, денсаулық сақтау, спорт, білім мекемелерінің ұжымдарымен де кездесеміз. Бұл шаралар интернет алаяқтығының алдын алуға мүмкіндік береді.