12 күнге созылған соғыстан соң Израиль мен Иран шығындарын есептей бастады.
Иран сыртқы істер министрі Аббас Аракчи ядролық нысандарға кәдімгідей залал келгенін хабарлады. Иранның атом энергиясы жөніндегі ұйымының мамандары шығын көлемін бағалап жатыр.
Ал Израиль болжам есептерін жариялады. Bloomberg Израильдың қаржы министрлігі мен салық басқармасына сілтеме жасап, шығын 3 млрд доллар құрайды деп хабарлады. Бұл бүлінген ғимараттарды қалпына келтіруге, бизнеске өтемақы төлеуге керек ақша.
Бұған қару-жарақ пен әуе қорғанысын қамтамасыз ететін жүйені алмастыруға қажет қаржы кіріп тұрған жоқ. Оларды қосса, 12 млрд доллар шығады деген Израиль қаржы миистрі.
Сонымен Иранның рухани көсемі «Израильді де, АҚШ-ты да жеңдік» деп мәлімдегенмен, оқиғаның шын мәнінде қалай болғанын, шабуылдау және қорғану потенциалының қандай күйде екенін жақсы білетін Аятолла Хаменеи, жалпы саяси басшылығы ядролық бағдарламасын қайтеді, жалпы ол нысандардың күйі қандай? Мысалы, МАГАТЭ Иран бірнеше ай ішінде уран байытуды бастайды деп отыр. Ал CNN, АҚШ-тың Ираннан санкцияларды алып тастап, бұғатталған активтерін ашып, 30 млрд доллар инвестиция құятын ойы бар, егер Иран ядролық бағдарламадан бас тартса деп хабарлады. Дәлірегі – уран байытудан бас тартса, бейбіт бағыттағы ядролық бағдарламаға 30 млрд доллар ұсыну идеясы. Алайда ол ақшаны өздері емес, аймақтағы серіктестер құюы керек деп есептейді. Бірақ мұның бәрі әлі піспеген идеялар.
Айтпақшы, «аспандайды» деген мұнай бағасы аспандамады.
Пәкістаннан кейін Израиль «АҚШ президенті Д.Трамп Нобель сыйлығына лайық» деп жатыр.
Амангелді Сейтхан