Artjaq және Yeski Taspa ұжымы Sadraddin , Ренат Гайсин және «Gaissin Orchestra» қатысуымен 8 наурызға арналған ерекше шығарылым әзірледі.
Бұл шығарылымда талантты әртістер Халықаралық әйелдер күніне орай ерекше музыкалық сый дайындап, М.Омаров пен Қ.Жұмағалиевтың "Анашым" атты аңызға айналған әнін жылулықпен, шынайылықпен және әйелдерге деген зор құрметпен жеткізген.
Осы коллаборация танымал әуенге жаңа реңк беріп, әр нәзікжандыға деген шексіз ризашылықтың, сүйіспеншілік және құрметтің көрінісін байқатады.
Yeski Taspa командасы баршаны осы тамаша мерекемен құттықтай отырып, көптеген бақытты сәттер, махаббат, үйлесімділік және жарқын эмоциялар тілейді.