Current Date: 14-03-2025

ШЫҰ-ның терроризмге қарсы оқу-жаттығу жиындары Беларусьте өтеді

Жаңа технология дамыған сайын интернеттегі экстремистік күштермен күрес қиындай түсуде, деп хабарлайды 24kz.

Ташкенттегі Шанхай ынтықмақтастық ұйымының аймақтық террорризмге қарсы құрылым кеңесінің 43-ші отырысында тараптар бірігіп әрекет етудің жолдарын талқылады. Қазір экстремистік, террористік ұйымдар интернет желілерін дендеп алған. Қарапайым жұрт білместіктен, аяғын шалыс басып, көп ретте теріс пиғылды ұйымдардың құрбаны болып жатады. Ынтымақтастыққа мүше мемлекеттер мәселенің алдын алу шараларын пысықтады.

Курванбек Авазов, ШЫҰ Аймақтық терроризмге қарсы құрылым кеңесінің төрағасы:

- Экстремистік қауіп жоқ емес. Ол бейбіт заманның мәселесіне айналып отыр. Жаңа технологиялар дамып, жасанды интелект адам өмірімен етене араласып кетті. Бұл тұрғыда ұйымның бекіткен алдын алу шаралары бар. Тараптармен келісе отырып, бірігіп жұмыс істейтін боламыз.

Кеңес қортындысы бойынша терроризмге қарсы оқу-жаттығу жиындары Беларусьте өтетін болып келісілді. Ал ғылыми парактикалық конференцияны Өзбекстанда ұйымдастыру жоспарланды. Терроризмге қарсы құрылым кеңесінің кезекті отырысы Қырғызстанда өтеді.

Еске салайық, Шанхай ынтымақтастық ұйымына 10 мемлекет мүше. 4 ел ұйымның бақылаушы статусына ие.