Бұған Иранның МАГАТЭ-мен ынтымақтастықты тоқтатқаны туралы мәлімдемесі себеп болған.
Сәрсенбі күні мұнай фьючерстері соңғы екі аптада ең үлкен өсімді көрсетті. Қара алтын құны 3,0%-ға өсіп, барреліне 67,2 долларға жетті. Бұл туралы Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы жазды.
Иран МАГАТЭ-ні Израильмен бірге жұмыс істеді деп айыптап отыр. Тегеран билігінің пікірінше, Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік елдің ядролық нысандарына шабуыл жасауға көмектесті. Агенттік бұл айыптауларды жоққа шығарды. Нарықтар бұл қадам Таяу Шығыста жағдайдың ушығуына әкелуі мүмкін деп алаңдайды.