Current Date: 14-03-2025

«Ассаламағалейкум, ардақты ағайын»: Сырқаттанып қалған Төреғали Төреәлі есін жиды

Жақында белгілі әнші Төреғали Төреәлінің бірнеше қалада жоспарланған концерті өтпей қалған еді. Оған себеп әншінің денсаулығы сыр бергені. Бүгін өз-өзіне келген Төреғали жанкүйерлеріне арнап жазба қалдырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Malim.kz-ке сілтеп.

Ассаламағалейкум, ардақты ағайын, құрметті достар! Ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын. Алладан екі дүниенің бақытын тілейміз. Бақытты болыңыздар!, — дейді әнші.

Бұған дейін Төреғали Төреәлінің Астана, Алматы, Шымкент және Тараз қаласында жоспарланған концертіне сатылған билеттер түгел қайтарылатын болған.

Желі қолданушылары әншінің саулығын тілеп, тезірек сахнаға оралуын күтіп жүргендерін жазды.