Current Date: 14-03-2025

Қолайлы орта, дамыған инфрақұрылым: қалаларды дамытуды көздейтін нормалар қабылданды

Мәжіліс Астана мен республикалық маңызы бар қалаларды дамытуды көздейтін бірқатар заңнамалық түзетуді әзірлеп, бірінші оқылымда мақұлдады. Құжатта халықтың көші-қон мәселелерін реттейтін тетіктер бар. Елорданың жасыл белдеуін заңсыз құрылыстан қорғау үшін жеке бөлім енгізілді. Сондай-ақ ақылы автотұрақ, заңсыз шлагбаун орнату секілді проблемаларды шешу жоспарланған.