Нью-Йоркте қала маңындағы орманның өртенуіне байланысты төтенше жағдай жарияланды. Қала билігі жағдай ушығуы мүмкін, деп хабарлайды BILD-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Басылымның жазуынша, өрт Лонг-Айленд аралында басталған. Қазіргі таңда орман өрті Нью-Йорк маңындағы танымал тұлғалар тұратын элиталы аудандарға қауіп төндіріп тұр. Бұл маңда Стивен Спилберг, Алекс Болдуин және Дженнифер Лопестер тұрады.
Нью-Йорк штатының губернаторы Кэти Хокул төтенше жағдай жариялап, жағдай ушығуы мүмкін екенін ескертті.
АҚШ Ұлттық гвардиясы өртті сөндіру үшін төрт Blackhawk тікұшағын жұмылдырды. Куәгерлер болса, орман өртін бұл нағыз апат деп баға беріп жатыр.
"Атом жарылысына ұқсады — қап-қара қою түтін, биіктігі 30 метр, тіпті одан да асатын жалын", — дейді жергілікті тұрғындардың бірі.
Нью-Йорк штатында кей жолдар жабылып, тұрғындар үйінен кетуге мәжбүр.
Өрттің неден басталғаны нақты белгісіз, алайда жергілікті тұрғындар өртке өртенген автомобиль себеп болуы мүмкін.
Еске салсақ, АҚШ-тың Калифорния штатында 7 қаңтарда ірі орман өрті басталған. Өрт салдарынан 153 мың адамды дереу эвакуациялау қажеттігі туып, тағы 166 мың адам қауіпсіз жерге көшкен. Калифорниядағы орман өртіне байланысты эвакуацияланғандардың арасында атақты адамдар болды. Олардың көпшілігі өрттен баспанасынан айырылған.