Current Date: 11-09-2025

Қ. Тоқаев: Кейінгі ұрпақтың жарқын болашағы үшін бейбітшілікті нығайтуымыз керек

Бүгін ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні.

Атаулы күнді Қазақстанның бастамасымен Біріккен Ұлттар ұйымының Бас Ассамблеясы бекітті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «икс» парақшасындағы жазбасында осылай деп, халқымыздың атом қаруын сынаудан қатты зардап шеккенін еске салды. Сондықтан мұндай қасіреттің қайталанбауға тиіс екенін жеткізді. «Біз кейінгі ұрпақтың жарқын болашағы үшін бейбітшілікті нығайтып, халықаралық әріптестікті дамытуымыз керек. Ядролық қарудан және сынақтардан біржола бас тартуға күш салуымыз қажет. Бейбітшілік пен қауіпсіздік – бүкіл адамзатқа ортақ басты құндылықтар» делінген жазбада.