Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Хабарламалар

Жамбыл облысында жел энергетикасына арналған қондырғылар шығаратын әлемдегі ең ірі компанияның зауыты ашылды

Жамбыл облысында жел энергетикасына арналған қондырғылар шығаратын әлемдегі ең ірі компанияның зауыты ашылды

Мемлекет басшысы бейнебайланыс арқылы Жамбыл облысында жел генераторларына арналған қосалқы бөлшектер шығаратын зауыттың ашылу салтанатына қатысты. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдағы ресми сапары аясында ҚХР Мемлекеттік кеңесінің бірінші вице-премьері Дин Сюэсянмен бірге бейнебайланыс арқылы Жамбыл облысында жел генераторларына арналған қосалқы бөлшектер шығаратын зауыттың алғашқы кешенін салтанатты түрде іске қосты.

Зауыттың ашылу салтанат. Фото: Ақорда

Аталған жоба – “Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қоры мен SANY Renewable Energy компаниясының табысты серіктестігінің нәтижесі. Бұл жел энергетикасына арналған қондырғылар шығаратын әлемдегі ең ірі компанияның елімізде ашқан бірінші кәсіпорны.

Өндірістік база Шу қаласындағы “Жібек жолы” арнайы экономикалық аймағында орналасқан. Кәсіпорын гондола, күпшек, мұнара сияқты жел электр стансасына қажет бөлшектерді шығарады.

Жобаны жүзеге асыру еліміздегі жаңа электр стансаларының құрылысын қамтамасыз етіп, “жасыл” энергетиканың дамуына зор үлес қосады.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз