2024 жылы 31 желтоқсанда Талдықорғандағы жеке үйде газ жарылды. Оқиғаның себебі белгілі болды , — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жетісу облыстық Полиция департаменті бұл оқиға бойынша тергеуді жалғастырып жатыр.
"Тергеу барысында оқиға қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстар жүргізілуіне байланысты екені анықталды. Салдарынан абайсызда адам өліміне әкелген қайғылы жағдай болды. Қазір бірқатар сот сараптама жүргізіліп жатыр, олардың нәтижелері тергеу барысында ескеріледі", – деді құқық қорғау органдары.
Барлық тергеу шарасы аяқталғаннан кейін тиісті процессуалдық шешімдер қабылданады.
Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында.
Айта кетейік, қайғылы оқиға 31 желтоқсанда таңертең болған еді. Талдықорғанның шетінде орналасқан екі қабатты үйде газ кетіп, салдарынан жарылыс болды. Салдарынан үйдің екінші қабаты, кейбір қабырғалары және шатыры опырылған болатын. Өрт шығып, ол 120 шаршы метр аумаққа жайылды.
Жарылыстан 7 адам түрлі жарақаттар мен күйік алды, ішінде кәмелетке толмаған балалар да бар. Зардап шеккендер – бір отбасының мүшелері. Отбасының отағасы мен оның жары ауруханада көз жұмды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!