Current Date: 14-03-2025

”Яссауи түсіме кіріп, зікірді үйретті” - Айнұр Әбдірәсілқызы

Парапсихолог Айнұр Әбдірәсілқызы Яссауи түсінде өзіне зікірді үйреткенін айтты.

Бұл туралы ол Qasqa jol YouTube арнасына берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Мен үнемі өзімнің өмірімдегі жұрт тылсым деп санайтын құбылыстарды, өзіме етене деп санаймын да, ол туралы әдетте мүлде айтпаймын. Тек “Яссауи баспалдақтары” деген парақшамызда тұрған 18 сағаттық эфирде ғана біршама айттым. Өмір бойы әруақтардың рухтарын жетелегенін, осы уақытқа дейін пайғамбарымызды 12 рет түсімде көрдім. Бұған қоса ишарат түстерді көрдім. Үлкен ұлық әулиелердің жетеулері бар. Яссауидің өзінің зікірді үйреткені бар. Тағы да көптеген нақты аяндармен нақты қолдаулармен жүрдік”, — деді парапсихолог.

Сондай-ақ, ол мұндай түстерді қай уақыттан бастап көре бастағанын айтып берді.

”Ол 9 жасымда басталды. 11 жасымда тіпті айқын аян көретін болдым. 9 жаста белгілерді көріп, өлең жазатынмын. 11 жастан бастап айқын, болашақ бағдарларды көрсететін түстер байқалды. Мен оны ешкімге айтпайтынмын. Тек анама айтатынмын, сонымен болды. Түс көру әр адамға берілгенін сол кезде білетінмін”, — деді Айнұр Әбдірәсілқызы