Жол апатына ұшыраған танымал әнші Кеңес Әлімжан алаңдаушылық білдірген барша жанға алғысын айтып, әлеуметтік желідегі парақшасында видеоүндеу жолдады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бұған дейін әлеуметтік желіде белгілі әнші Кеңес Әлімжанның Таразға бағыт алған кезде жол апатына түскені туралы ақпарат тараған еді.
Әншінің айтуынша, өзі бұл жайсыз хабардың таралып кетуін қаламаған.
"Баршаңызға қайырлы күн! Менің құрметті тыңдармандарым, барша жанашырларым, мен үшін уайымдап жатқан көрермендерім, ағаларым, әпкелерім, маған тілекші болып жатқандарыңызға көп-көп рақмет! Интернет желісін өздеріңіз көріп отырған боларсыздар. Мұндай хабардың бір жаңалық ретінде таралғанын қаламағанмын. Бастысы аман-есенбіз. Темір өз орнына келер", — деген әнші дұрыс ұйықтамағанның салдарынан осындай жол апаты болғанын айтты.
"Уақтылы ұйықтамағанның кесірінен, жолдан шығып кетіп, осындай жол-көлік апаты болды. Қайта қарма-қарсы көлікке соғыспай қалдық. Алла өзі сақтады. Рақмет сіздерге, аман болыңыздар", — деді Кеңес Әлімжан.