Current Date: 14-03-2025

Сауд Арабиясында АҚШ Пен Украина келіссөздері басталды

Сауд Арабиясының Джидда қаласында АҚШ пен Украина өкілдерінің келіссөздері басталды, деп хабарлайды 24kz.

Америкалық делегация құрамында мемлекеттік хатшы Марко Рубио, АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф пен Ақ үй басшысының Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Майк Уолтц бар. Украина тарабын президент кеңсесінің басшысы Андрей Ермак, оның орынбасары Павел Палиса, Сыртқы істер министрі Андрей Сибига мен Қорғаныс министрі Рустем Умеров бастап барған. Дипломаттар қарулы қақтығысты реттеу мүмкіндігі, екіжақты қарым-қатынасты дамыту, Ресеймен бейбіт бітімге келу және Вашингтон мен Киевтің пайдалы қазбалар бойынша келісімге қол қою мәселелерін талқыламақ.