Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Хабарламалар

Олжас Бектенов: Халықтың табысын жақсартуда саннан сапаға көшу маңызды

Олжас Бектенов: Халықтың табысын жақсартуда саннан сапаға көшу маңызды

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында биылғы 9 айдағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттің атқарылу барысы қаралды.

«Мемлекет басшысы өткен аптада экономикалық даму сапасын арттыру мәселелеріне арналған кеңесте макроэкономикалық тұрақтылықты нығайту, азаматтардың әл-ауқатын көтеру және инфляция деңгейін төмендету шараларын қабылдауды тапсырды.

Президент халықтың табысын жақсартуда саннан сапаға көшудің маңызды екенін атап өтті»,

— деді Олжас Бектенов.