Current Date: 14-03-2025

Қазақстандықтар заңгерлердің қызметіне баға беретін болды

Қазақстандықтар енді заңгерлердің көрсеткен қызметіне қарай бағалай алатын болды.

Азаматтың жазған пікірі мен берген бағасы арнайы қосымшада көрініп тұрмақ. ZanBar деп аталатын бағдарлама қазір пилоттық режимде істеп тұр. Ол Әділет министрлігінің ақпараттық жүйелеріне қосылған. Жасанды интеллектіге негізделген чат-бот әзірге азаматтарға құқықтық кеңес береді. Болашақта оны басқа да деректер қорымен біріктіріп, мамандардың рейтингін құру жоспарланып отыр.

Талғат Уәли, ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі:

- Сіз, мысалы, нотариусқа, адвокатқа баратын кезде бірінші кезекте көкейіңізде қандай сауал тұрады? Бұл білікті маман ба екен? Өзінің жұмысын біле ме екен деген сауал тұратыны түсінікті. Сондықтан біз адвокаттар, нотариустар, жеке сот орындаушылардың рейтингін де енгізетін боламыз. Яғни қай адвокаттың қанша жыл еңбек өтілі бар? Қандай жетістіктері бар? Қызмет көрсетушілерден алған пікірі деген сияқты көрсеткіштер болады.