Current Date: 15-07-2026

Шавкат Рахмонов II дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталды

Әлемдік аренада ел намысын қорғап жүрген Шавкат Рахмоновпен қатар біраз өнер майталмандарына марапаттар табысталды.

Республика күніне арналған салтанатты шарада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жартылай орта салмақта UFC ұйымында өнер көрсететін қазақстандық спортшы Шавкат Рахмоновты "Барыс" орденінің II дәрежесімен марапаттады.

""Барыс" орденінің II дәрежесімен даңқты спортшы Шавкат Рахмонов марапатталады. Ол еліміздің шынайы бейнесін қалыптастыру мен оны шетелде насихаттау ісіне зор үлес қосып жүр", — деді мемлекет басшысы.