0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
Елдің болашағы – ақылды ұрпақтың қолында. Қазіргі жастар білім мен ғылым көкжиегіне еркін бойлай білуі керек. Ғасыр жасаған майдангер Әбдірахман Ишмұхамедов осылай дейді. Қария 1924 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. Майданға 18 жасында өз еркімен аттанған ол ұрыс даласында кабельші-байланыстырушы болып, бақылау штабымен байланыс орнатқан. 1942 жылдың қазанында соғыста бетіне оқ тиіп, ауыр жараланады. Алты ай госпительде жатып емделіп, қайта сапқа тұрады. Сөйтіп №82 және №319 атқыштар полкының құрамында болып, Солтүстік-Батыс және төртінші Украина майданында, Балтық елдерін басып өтіп қиян-кескі ұрысқа қатысады. Бухарест қаласында жүргенде Кеңес әскерлерінің жеңіске жеткенін естиді. Елге оралған соң, тарих факультетіне оқуға түсіп, артынан ұстаздық етеді. Бірнеше мазмұнды кітап пен 100-ге жуық ғылыми мақала жазған. Ардагер биыл 101 жасқа толады.
Әбдірахман Ишмұхамедов, соғыс ардагері:
Жастар әке-шешесіне тірек болуы керек. Елімізге тірек болсын, жақсы оқысын. Оқыған адам көп біледі, алыстан таниды. Сонда ғана адамдарға көмектесе аласың.
Айдана Қуантхан