Current Date: 14-03-2025

Ақтауда бала құбырдан аққан ыстық суға күйіп қалған

Ақтауда құбыр жарылып, жиналған ыстық суға бала күйіп қалды, — деп хабарлайды Massaget .kz тілшісі.

11 жастағы бала ыстық су толы шұңқырға құлап кеткен. Куәгерлердің айтуынша, оқиға тұрғын үйдің ауласында болған. Бала ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.

Жергілікті пабликтерде оқиға орнынан түсірілген видео пайда болды, кадрларда зардап шеккен баланың анасы болған жағдай туралы айтып береді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Актау 911 | Aktau 911 (@911.aktau)

Маңғыстау облыстық көпсалалы балалар ауруханасының мәліметінше, баланың аяқ жағын күйік шалған.

"2014 жылы туған баланың саны мен балтыры екінші және үшінші дәрежеде күйіп қалған. Денесінің 30 пайызы зақымданған. Күйіктің ауырлығына байланысты баланың жағдайы ауыр. Есін біледі, жүрек соғысы мен тыныс алуы қалыпты", – деді аурухананың баспасөз қызметі өкілі.

Қазір зардап шеккен бала қарқынды терапия бөлімінде ем қабылдап жатыр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!