Current Date: 14-03-2025

Ішкі істер вице-министрі: Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс осы аптада сотқа түсуі мүмкін

Мәжіліс кулуарында Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс материалдары сотқа қашан түсетінін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Қазір Шерзат Болатқа қатысты істі прокуратура зерттеп жатыр. Жақын күндері, осы аптада сотқа түседі деп күтіп отырмыз", — деді Санжар Әділов.

Еске сала кетейік, былтыр желтоқсанда Алматы облысының прокуратурасы Шерзат Болаттың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілгенін және барлық күдікті ұсталғанын хабарлаған болатын.

Бұған дейін Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов те іс бойынша тергеудің аяқталғанын хабарлады.

Қаңтар айында Алматы облысының полиция департаменті Шерзат Болаттың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеудің аяқталғаны туралы ақпаратты растады.

Бір айдан кейін, 27 ақпанда полицейлер адам өлтіру фактісі бойынша тергеудің аяқталып, тараптар қылмыстық іс материалдарымен танысқанын тағы да хабарлады.