Current Date: 14-03-2025

Екі облыста қар көшкіні жүрді

Төтенше жағдайлар министрлігі екі облыстың аумағында қар көшкіні жүргенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Алматы облысындағы облыстық маңызы бар «Түрген-Батан ауылы» тас жолының 22 және 23 шықырымы аралығындағы Асы обсерваториясы Еңбекшіқазақ ауданындағы тау бөктерінде көлемі 200 текше метр қар көшкіні өздігінен түскен.

Шығыс Қазақстан облысындағы Катонқарағай ауданында және жергілікті маңызы бар «Согорное-Барлық» автожолының 16-шы шақырымында көлемі 250 текше метр қар көшкіні түскен.

Ал Глубокое ауданы «Өскемен-Горная Ульбинка-Северное» тас жолында қар көшкінінің алдын алу жұмыстары жүргізіліп, жалпы көлемі 680 текше метр қар түсірілген.

Алтай ауданындағы республикалық маңызы бар «Өскемен — Алтай — Үлкен Нарын — Қатон-Қарағай — Рахманов кілті» а/ж алдын ала жабылған аумағында көлемі 120 текше метр қар көшкіні өздігінен түскен.

ТЖМ қар көшкіні салдарынан зардап шеккендердің жоқ екенін мәлімдеді. Қар көшкіні жолды жауып тастаған.