0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
Семейде жаңа туған нәресте перзентханада күйіп қалған. Дәрігерлер алғашында бала байқаусызда жылытуға арналған төсенішке ұзақ жатқан деп мәлімдеген. Артынша бұл тұқым қуалайтын дерт болуы мүмкін деп ақталып отыр. Қазір кішкентай Әлидің жамбасы арқасы мен иығы қарайып, күлдірегендіктен, жан сақтау бөлімінде.
Амангелді Жұмашев, әкесі:
Бала туғанда нормальный туды. Ешқандай ауру ештеңесі болған жоқ. Тоғыз ай жүрді. Әйелім ауырған жоқ. Бүкіл анықтамалары бар. Бала 4 келі 150 грам. Бойы 58 см. Дені сау болып туылған бала.
Нәрестенің ата-анасы баланың күйгенін дәрігерлер бір тәулік бойы жасырды-дейді. Енді күйік емес, тұқым қуалайтын дерт болғандықтан Астанаға аттандырамыз дегендеріне аң-таң. Тумай жатып, сәбиімізді өлім аузына жеткізген дәрігерлер жауап берсін деп ақ халаттылардың үстінен полицияға арызданған. Дәрігерлер болса бұрын-соңды мұндай дертті кезіктірмегендіктен білікті мамандар емдесін деп Астанаға аттандырмақ.
Шынар Астаева, Абай облысының бас неонатологы:
Мүлдем күйікке ұқсамайды. Және нәрестеде басқа диагноз көзделіп отыр. Абай облысында нәрестені толық зерттеуге мүмкіндігіміз жоқ. Көп анализдер Астана, Алматы қаласында анықталатынын ескере отырып, нәрестенің жағдайын жақсарту мақсатында әрі қарай Астанаға ауыстырайық деп отырмыз.
Ержан Жақып