0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
Қазақстанда адам ағзасын саудалаған 35 жастағы күдікті Польшада ұсталды. 5 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген әйел Украина-Польша шекарасындағы теміржол өткізу пунктінде қолға түскен. Тергеу мәліметтері бойынша, күдікті 2017-18 жылдары Қазақстандағы медициналық мекемелерде заңсыз трансплантация операцияларын ұйымдастырған қылмыстық топтың мүшесі болған. Қазір ұсталған күдіктіні Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.
Аида Ахметбек