Current Date: 14-03-2025

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 15-17 наурыз аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, — деп хабарлайды Massaget .kz тілшісі.

Алдағы күндері Қазақстандағы ауа райына екі қарама-қарсы атмосфералық процесс әсер етеді. Шығыс, орталық және солтүстік-шығыс аймақтарды қамтитын антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болады. Сонымен қатар, батыс, солтүстік және оңтүстік аймақтар солтүстік-батыс циклон әсеріне ұшырайды, сондықтан жаңбыр мен қар жауады, жел күшейеді. Кейбір өңірлерді тұман түседі.

"Елдің батысында түнде 2-7 градус жылы, күндіз 12-20 градус жылы, солтүстік облыстарда түнде 1-10 градус аяздан 3-2 градус аязға дейін, күндіз 1-6 градус жылыдан 5-10 градусқа дейін, елдің шығысында түнгі температура 12-22 градус аяздан 5-12 градус аязға дейін, күндізгі температура 2 градус аяздан 6 градус жылыға дейін көтеріледі. Елдің оңтүстігінде түнде 2-7 градус, күндіз 13-18-ден 18-23 градусқа дейін, елдің оңтүстік-шығысында 2 градус аяз — 3 градус, тауларда 8-13 градус аяз, күндіз 10-15-тен 15-20 градусқа дейін жылы", — деп жазылған хабарламада.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз