Current Date: 14-03-2025

Қарағанды облысында оқу-жаттығу кезінде полицей қаза тапты

Қарағанды облысында оқу-жаттығу кезінде полицей қаза тапты. Бұл туралы ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді , — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Оқу-жаттығу іс-шараларын өткізу кезінде болған жазатайым оқиға салдарынан қаза тапқан Қарағанды облысы Полиция департаментінің қызметкері А.Әлиевтің туыстары мен жақындарына көңіл айтамын", — деді министр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Саденов Ержан Сапарбекович (@sadenov_online)

ІІМ басшысы марқұмның отбасына қолдау көрсетілетінін жеткізді.

"Оқиға орнына менің орынбасарымның басшылығымен комиссия жіберілді. Тергеу барысы бақылауда", — деді министр.

Еске салайық, бұған дейін Жамбыл облысында полиция қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапты.

Оған дейін Алматыда жанжал кезінде жарақат алған полицей ауруханада көз жұмғаны хабарланды. Кейін Астанадағы спорт кешенінде де полицей қайтыс болды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!