Белгілі қазақстандық блогер Гүлназ Махметова туған әкесімен не себепті араласпай кеткенін айтып, жан сырын ақтарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Azattyq-ruhy.kz-ке сілтеме жасап.
Блогер «Taboo» бағдарламасына берген сұхбатында әкесіне ренішін жеткізді.
«Әкем менімен не себепті араласқысы келмейтіні ойландыратын. Сөйтсем, ол өмірге келетін сәбиі қыз болғанын қаламаған екен. Оны кейінірек барып білдім. Анамның өз аузынан естідім», — дейді блогер.
Ол сөзін жалғай отырып, ағасы өмірге келгеннен кейін анасы екінші рет жүкті болып, ішіне біткенде, сәбиі қыз болатынын білгенін, бірақ қаламағанын айтты.
Әкесі мен анасы ажырасып кеткеннен кейін ешқандай қолдау көрмегенін де қозғап өтті.
«Жоқ. Қалаған нәрсемді ағам алып беретін. Мен ол кісімен араласқым келмейді», — дейді Гули Махметова.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Телеканал НТК (@ntk_tv)