0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз !
Наурызнама онкүндігі аясында Жетісу облысында бір мезетте 336 баланың тұсауы кесілді. 50-ден астам бүлдіршін Талдықорған қаласында тәй-тәй басса, қалғанадырының тұсаукесер рәсімі аудан, қалаларда өтіп, бейнеконференция арқылы байланысқа шықты. Қазақстан рекордтар кітабының өкілдері бұл көрсеткішті ресми тіркеп, қазақтың салт-дәстүр әдет ғұрыптарының ішінде тұсау кесу рәсімінде еліміз бойынша Жетісу облысы жаңа рекорд орнатқанын растады. Ал ата-аналар өз бүлдіршіндерінің тұсауын өңір басшыларына, зиялы қауым өкілдеріне, атақты спортшы, өнерпаздарға, ұстаздар мен дәрігерлерге кестірді.
Армангүл Төлеген, қала тұрғыны:
Қостанай қаласының тумасымыз. Бірінші рет осындай салтанатты түрде 300 баланың тұсауын кестіргенін көріп тұрмыз. Өте-өте қуаныштымыз, әсеріміз өте жақсы. Тез әрі жылдам болды барлығы. Тілегіміз ең бастысы жолы ақ болсын деген тілек.
Қуаныш Қанатұлы