«Наурыз достарын шақырады». Осындай атаумен Қостанайда VI халықаралық би фестивалі өтіп жатыр, деп хабарлайды 24kz.
Дәстүрлі үрдіске айналған думанды іс-шараға биыл Қазақстан, Ресей, Қырғызстан елдерінің өнер ұжымдары қатысып отыр. Бұл жерде әр халықтың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі хореография тілімен бейнеленеді. Фестивалдің мақсаты да сол – балалар мен жасөспірімдерден құралған би ұжымдарына қолдау көрсетіп, ұлтаралық қатынас мәдениетін дамыту. Тоғыз би ансамблінің қатысуымен өтетін халықаралық өнер мерекесі, екі күнге жалғасады.
Дәмер Қалқаев, фестивальді ұйымдастырушы:
- Бұл жерде әр ұлт өзінің репертураын алып келіп отыр. Әр би ұжым деген сияқты. Біздің «Карнавал» би ансамблі де, «Бейімбет Майлин» би ұжымы да, «Федоров ауданы» би ұжымы да өздерінің дайындаған шығармаларын әкеліп отыр. Сондықтан билердің тақырыбы да, бағыты да әртүрлі. Көрерменнің көңілінен шығады деп ойлаймыз.