Current Date: 17-03-2025

Қазақстанда байланыс операторлары сөз байласты деген күдікке ілінді: тергеу басталды

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі байланыс операторларына қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы агенттік төрағасының орынбасары Болат Сәмбетов айтты, — деп хабарлайды Massaget .kz тілшісі.

Мәжіліс дәлізінде агенттік өкілінен байланыс операторларының тариф бағасын қоюы жөнінде сұралды.

"Кейінгі бірнеше жылда көптеген шағым түсіп жатыр. Біз нарықты талдап, тариф өсіп жатқанын көріп отырмыз. Кейінгі екі жылда барлық дерлік байланыс операторы бағаларын көтерді. Қазір біз сөз байласу дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатырмыз. Біз келісілген әрекеттің белгілерін анықтадық: операторлар бір уақытта тарифтерді шұғыл көтеруге кірісті. Монополияға қарсы салада бұл сөз байласу деп саналады, біз жағдайды егжей-тегжейлі зерттеп жатырмыз", — деді Сәмбетов.

Оның айтуынша, жоғары тариф белгілеген болуы мүмкін деген күдікпен ірі операторлардың біріне қатысты жеке тергеу басталуы мүмкін.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!