Current Date: 18-03-2025

Қауіпсіздік кеңесінің отырысы: Барлық салалық ведомствоның атына сын-ескертпелер айтылған

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді. Жиын барысында барлық салалық ведомствоның атына сын-ескертпелер айтылып , егжей-тегжейлі талқылау өткен. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады.

Руслан Желдібайдың Telegram-дағы арнасында жазуынша, мемлекет басшысы экстремизм мен терроризмге қарсы күресті және ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған үйлесімді жұмысты күшейту қажет екеніне назар аударған.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев "Заң және тәртіп" қағидаты негізінде жұмысты ұйымдастырудың аса маңыздылығын атап өтіп, аталған салалардағы жағдайға талдау жасаған.

Президент азық-түлік және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің, ел азаматтарын алаңдататын мәселелерді шешу үшін цифрлық құралдар мен жасанды интеллектіні дамытудың өзектілігіне де тоқталған.

Бұдан бөлек, мемлекет басшысы барша қоғамның мүддесі үшін үкіметке Әділетті Қазақстанды құру бағдарламасын іске асыруға күш салуды тапсырған.