Ая – 2023 жылы Түркиядағы жер сілкінісі кезінде дүниеге келген нәресте. Оны құтқарушылар үйіндінің астынан кіндігі кесілмеген күйде тауып алған.
Ауруханаға түскенде сәбидің жағдайы ауыр болған, бірақ дәрігерлердің көмегімен аман қалды. Өкінішке қарай, оның отбасы апатта қаза тапты. Сол кезде бұндай ғажапқа таңданған мыңдаған адам Аяны асырап алғысы келген. Бірақ туыстары бар болғандықтан, рұқсат берілген жоқ. Оның есімі араб тілінен аударғанда «таңғажайып» деген мағынаны білдіреді.