Current Date: 19-03-2025

Ақмола облысындағы ауылдың көпірін су шайып кетті

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!

Ақмола облысында Шағалалы ауылындағы көпірді су шайып кетті. Бөгеттің аржағындағы ондаған үй қатынассыз қалды. Жағдайды осы өңірдегі тілшіміз Бибінұр Әмірханқызынан білейік.

Бибінұр Әмірханқызы, тілші:

Қар күрт еріп, Шағалалы өзеніндегі су деңгейі 1,5 метрге көтерілді. Салдарынан таңғы 7-де көпірдің айналасындағы топырақты шайып кетті. Нәтижесінде көпірдің арғы бетіндегі 30 үй қатынассыз қалды. оқушылар мектепке, үлкендер жұмысқа бара алмай қалды. Ең бастысы ауылдағы үйлерді су басқан жоқ. Төтенше жағдайлар қызметі шұғыл қимылдап, ағын судың жылдам өтуі үшін мұз жару жұмыстарын қолға алған. Жағалауды да бекітіп жатыр. Қазір қауіп жоқ дейді. Алайда ауылдағы электр бағанасы босап, құлауға шақ тұр. Салдарынан электр жарығы да уақытша өшірілген.

Жүргізуші:

Бибінұр, қатынассыз қалған ауыл тұрғындарына азық түлік қалай жеткізіледі, жол қашан қалпына келеді екен?

Бибінұр Әмірханқызы, тілші:

Қатынастан үзілген 30 үйге қажетті азық- түлікті әзірге қайықпен жеткізетін боламыз дейді жергілікті әкімдік өкілдері. Ал мамандар жолды бірнеше күнде қалпына келтіреміз деп отыр.

Бибінұр Әмірханқызы