«Жас Ұландық» жастар азаматтардың тілдік, компьютерлік, қаржы сауаттылығын арттыратын зияткерлік үстел ойынын іске қосты, деп хабарлайды 24KZ. «Zerdeli Bilim» деп аталатын жобада қатысушылар ақшаны басқаруды, үнемдеу жолдары мен инвестициялауды меңгере алады.
Мұнымен қоса жаңа технологияларды игеруге де мүмкіндік бар. Қазақ, ағылшын және орыс тілдерін де қатар біліп шығады. Білім сынағында ойыншыларға жалпы саны 200-ге жуық сұрақ беріледі. Мүдірмей жауап берген жеңімпаздарға арнайы сертификаттар беріледі.
Айта кетсек, білім беру үрдісіне бағытталған тұжырымдаманы бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының командасы әзірлеген.
Аида Аманжолова, «Біргеміз Білім» жалпыұлттық жобасының жетекшісі:
- Бұл ойында осы біздің 3 бағытты қамтиды және де түрлі оқиғалар жайлы карточкалар бар. Ол осы ойын барысына әсер етуі мүмкін. Мысалы, жақсы заттар болуы мүмкін, бір сыйлық болмаса, бір кризистер деген сияқты. Осыны ойнай отырып, біраз біздің қатысушыларымыз өзінің бағыттардағы сауаттылығын арттырады.