Кездесу барысында көлік саласындағы ынтымақтастықтың басым бағыттары, атап айтсақ инфрақұрылымды дамыту, жаңа технология енгізу мәселелері талқыланды.
Әсіресе, жалпы ұзындығы 580 шақырымға жуық Жезқазған – Қарағанды жобасына ерекше назар аударылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Сондай-ақ, кездесу барысында Дүниежүзілік банк өкілдері авиация және теміржол саласындағы жобаларға қызығушылық танытты.
Тараптар бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтіп, жоспарланған жобаларды сәтті іске асыру үшін одан әрі өзара жұмыстануға дайын екендерін айтты.