Current Date: 24-03-2025

Париж Олимпиадасынан кейінгі алғашқы жарыс: Нариман Құрбанов Түркияда топ жарды

Спорттық гимнастикадан Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан әлем кубогының үшінші кезеңінде Қазақстан қоржынына екі бірдей жүлде түсті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Туризм жəне спорт министрлігінің ресми Telegram-каналына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов өзінің бірінші ресми жарысында-ақ тұтқалы ат снаряды жаттығуында чемпион атанды.

Тұтқалы ат снаряды. Ерлер:

  • Бірінші орын — қазақстандық Нариман Құрбанов;
  • Екінші орын — қазақстандық Зейнолла Ыдырысов;
  • Үшінші орын — иорданиялық Ахмад Әбу әл-Сауд — Әлем чемпионатының екі мәрте жүлдегері

Жарыс ертең мәресіне жетеді.