Түркия соты жемқорлық бабымен күдікке ілінген Стамбұл мэрі Экрем Имамоғлыны қамауға алу туралы шешім шығарды. Жақын арада ол түрмеге жеткізіледі.
Стамбұл мэрі Экрем Имамоғлы сомасы 560 млрд түрік лирасы болатын сыбайлас жемқорлық және алаяқтық ісін тергеу аясында қамауға алынды. Бұл туралы түрік ақпарат құралдары хабарлады.
AHaber агенттігінің мәліметінше, Имамоғлыға жемқорлықтан басқа лаңкестік ұйымдармен байланысы болуы мүмкін деген айыппен тергеуге байланысты сот бақылауға алу туралы шешім шығарды.
Онымен бірге 106 адам тергеліп жатыр. Олардың барлығы ауқымды операция барысында ұсталды.