Air Astana әуе компаниясының ұшағы Бакудегі Гейдар Әлиев атындағы халықаралық әуежайға шұғыл қону жасады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі әзірбайжандық БАҚ-қа сілтеме жасап .
Оқиғаға борттағы жолаушылардың бірінің денсаулығының күрт нашарлауы себеп болған. Бакуге қонған соң жолаушыға жедел медициналық көмек көрсетіліп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Кейін ол толық медициналық тексеру үшін қаладағы ауруханалардың біріне жеткізілді.
Салдарынан рейстің ұшуы кейінге шегерілді. Қалған жолаушылар қонақүйге орналастырылды.
"Air Astana әуе компаниясының Тбилиси – Алматы бағыты бойынша 23 наурызда түнгі KC 140 рейсін орындаған ұшағы жолаушының денсаулығының нашарлауына байланысты Баку әуежайына шұғыл қону жасады. Жолаушы жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Экипаждың жұмыс уақыты аяқталғандықтан, рейстің ұшуы 24 наурызға, жергілікті уақыт бойынша 13:40-қа шегерілді. Жолаушыларға қонақүйге трансфер, тұру және тамақтану ұйымдастырылды", – деп мәлімдеді Air Astana өкілдері.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!