Current Date: 25-03-2025

Қазақстандық музыканттар Брюссельде өнер көрсетті

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз !

Наурыз мерекесіне орай Брюссельдегі «Бозағ»өнер орталығында Иран мен Орталық Азия елдері музыканттарының концерті өтті. Мерекелік шарада Қазақстан атынан белгілі жырау Ұлжан Байбосынова мен қобызшы Айгерім Ерсаинова өнер көрсетті.

Ұлжан-қазақтың жыраулық өнерін ғылыми тұрғыда зерттеп, даралығын дәлелдеген жырау. Бірнеше музыкалық аспапты меңгерген Айгерім Еуропа жұртына киелі өнерді дәріптеп, Парижде балғындарға қобыз, жетіген мен сазсырнайда ойнауды үйретіп жүр. Қос жерлесіміз концертте көпшілікке Ұлы даланың ғажайып сарынын шебер жеткізді. Қырғызстан, Өзбекстан мен Иран музыканттары да жиналғандарға ән мен күйден шашу шашып, ұлттық өнерін насихаттады.

Ұлжан Байбосынова, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, жырау:

Осындай үлкен сахнада қобыз өнеріміздің, жыраулық өнеріміздің насихатталуы бұл қуантарлық жайт деп есептеймін. Бұл өнерге соншама ғасыр толса да бұл әлі күнге дейін қанымызбен, тегімізбен жалғасып келе жатқандығы тек қазақ өнері үшін ғаана емес, бұл жалпы әлемдік мәдениет үшін үлесі, салмағы бар.

Исала Макду, көрермен:

Өмірімде бірінші рет Наурызды тойлап, Орталық Азия елдерінің музыкасын тыңдап тұрмын. Керемет әсер алдым. Сырға толы мәдениеттеріңізбен жақынырақ танысқаныма қуаныштымын. Елдеріңізде тек бейбітшілік болсын.

Нұрсұлу Қасым