Current Date: 26-03-2025

Президент Кирилл Герасименконы абсолютті чемпион атануымен құттықтады

Мемлекет басшысы спортшының Қазақстанның абсолютті чемпионы атағына ие болуын жоғары жетістік деп бағалап, алдағы жарыстарда сәттілік тіледі.

Қазақстандық үстел теннисшісі Кирилл Герасименко Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың оны жеңісімен құттықтағанын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Герасименко Алматыда өткен үстел теннисінен Қазақстан чемпионатында үш алтын медаль жеңіп, абсолютті чемпион атанды. Ол барлық бағдарламада үздік нәтиже көрсетіп, өзінің шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Спортшы бұл жетістікке жету жолында қолдау көрсеткен жандарға алғысын білдіріп, мұндай құрметтің оны жаңа биіктерге жетелейтінін атап өтті.