Астанада балалар арасындағы халықаралық турнир басталды, деп хабарлайды 24kz.
Ерекшелігі сол, 10 жастағы өрендер еліміздің бас стадионы «Астана Аренада» топ тебуге мүмкіндік алды. Айтулы аладоп аламаны 12 команданың басын қосты. Олардың арасында мәскеулік «Спартак» пен ташкенттік «Пахтакор» сияқты клубтардың шәкірттері де бар. Бұған қоса, еліміздің түкпір-түкпірінен жас футболшылар жиналды. Олар енді 28 наурызға дейін өзара мықтыны анықтайды. Алғашқы жарыс күнінің қорытындысы бойынша, мәскеулік «Спартак» ақтөбелік команданы 8:2 есебімен ұтты. Ал, ташкенттік «Пахтакор» астаналық өрендерді 10:1 есебмен жеңді. Бұған қоса, «Астана»-«Ақтөбе» кездесуінде 3:1, ал «Арлан»-«Жеңіс» матчында 5:6 есебі тіркелді.
«Айта кету керек, 10 жастағы балалар арасындағы турнир осымен үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып тұр және алдағы уақытта да жалғасын табады», — дейді мамандар.