Қазақстан мен Қырғызстан бір-бірінің инвесторларын толық қорғауға және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге уағдаласып отыр, деп хабарлайды 24kz.
Бүгін Мәжіліс екі елдің үкіметтері арасындағы тиісті келісімді ратификациялады. Құжат сонымен қатар дауларды консультациялар мен келіссөздер арқылы шешуді қарастырады. Аталған келісімге былтыр Астанада қол қойылды.
Айта кетейік, Қазақстан Қырғызстанның үшінші ірі сауда серіктесі саналады. Екі ел арасындағы алыс-беріс былтыр 1,7 млрд АҚШ долларын құрады.
Самат Нұртаза, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Келісім экономикалық ресурстарды тиімді пайдалануға, азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін мүмкіндіктер жасауға және екіжақты қатынастардың орнықты дамуына ықпал етуге мүмкіндік беретін негізделген және уақтылы шара болып табылады. Келісімге сәйкес Қазақстан Үкіметі мен Қырғызстанның Министрлер кабинеті өздерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес екінші уағдаласушы елдің инвесторларын көтермелейді және оларға қолайлы жағдайлар жасайды.