1 сәуірде көлік салығын төлеу мерзімі аяқталады.
Ал алматылықтардың көлік салығына қарызы 3,5 миллард теңгеден асып кеткен. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басқармасының басшысы Қанағат Күлембаев баспасөз конференциясында хабарлады. Кейбір азаматтардың берешегі 22 миллион теңгеге жеткен. Қазіргі таңда қарызы бар азаматтарға тиісті хабарламалар жіберілуде. Салықты уақытында төлемеген жағдайда күн сайын өсімпұл есептеледі. Айта кету керек, салық бойынша ардагерлерге, көп балалы аналарға, мүгедектігі бар адамдарға жеңілдіктер қарастырылған. Көлік салыған "e-Salyk azamat" немесе екінші деңейлі банктердің мобильді қосымшасы арқылы тез және ыңғайлы төлеуге болады.
Қанағат Күлембаев, Алматы қ. МКД өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы:
- Бірінші кезекте қарызды өтеу қажеттілігі туралы хабарламалар жібереледі. Төлемеген жағдайда салықтық бұйрық шығарылып, ол сот орындаушыларына жолданады. Өз кезегінде сот орындаушылары атқарушылық іс қозғап, шаралар қолданады. Міндетті шаралардың кейбір түрі – бұл шетелге шығуға шектеу қойылады. Мүлік пен банктік шоттарды бұғаттайды.