Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Пікір

Ақаулы автобустан 48 шетелдік эвакуацияланды

Ақаулы автобустан 48 шетелдік эвакуацияланды

Ақтөбе облысына қарасты Хромтау ауданы аумағында республикалық маңызы бар жолда жолаушылар автобусы бұзылып қалған, деп жазады Egemen.kz.

Нақты айтқанда, «РФ шекарасы — Ақтөбе — Кызылорда — Алматы — ҚХР» тас жолының «Шымкент — Мәскеу» бағыты бойынша 789 шақырымы тұсында тоқтаған ақаулы автобустан ТЖМ қызметкерлері жақын маңдағы жол бойындағы кафеге 48 жолаушыны, оның ішінде 4 баланы эвакуациялаған.

«Эвакуацияланғандардың барлығы Тәжікстан Республикасының азаматтары. Ешкім медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ», деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.